Тарих пен дастанға, шежіре мен аңызға толы, тоғыз жолдың торабын тоғыстырған киелі Тараз өлкесінен талай дарын иелері шыққан. Солардың бірі де бірегейі - Жамбыл Жабаев.
Ескерткіштің ашылу салтанатына облыс әкімі Асқар Мырзахметов, облыстық Қоғамдық Кеңестің төрағасы Жандар Кәрібайұлы, ҚР Мәдениет қайраткері Әлібек Әмзеұлы және жалпы Тараз жұртшылығы қатысты.
Олар өз сөздерінде Жамбыл қазақтық ақындық өнерінің қазанында қайнап, ежелгі ауыз әдебиетінің кәусарымен сусындап, ақындық, жыраулық дәстүрінің XX ғасырдағы туын биікке көтерген ұлы жырау екенін айтып, еңселі ескерткіштің облыс орталығынан орын алғаны ғибратты іс болғанын жеткізді.