Таразда қала жанындағы арнаға 4 жасар бала батып кетті
19:06, 17 Сәуір 2013
ТАРАЗ. 17 сәуір. ҚАЗАҚПАРАТ - Таразда қала жанындағы арыққа 4 жасар бала батып кетті, - деп хабарлады Жамбыл облысының ТЖД бапасөз қызметі.
«Қала маңындағы Шөлдала кентінде Асы - Талас арнасының жағасында ойнап жүріп, Тараз қаласының 4 жасар тұрғыны суға батып кетті. Оқиға орнына облыстың ТЖД сүңгуір құрал-жабдықтар мен саймандармен жасақталған жедел тобы бағытталды, сондай-ақ, Тараз қаласы «ПБ-3» полициясының қызметкерлері аттанды», - делінген облыстың ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.
Бір жарым сағат өткеннен кейін баланың денесі судан шығарылып, полиция қызметкерлеріне жеткізілді.
Бала үлкендердің қарауынсыз қалмағанда, қайғылы оқиғаның алдын алуға болатын еді, - деді баспасөз қызметіндегілер.