Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Энергетикалық хартияның хатшылығынан хабарлады.
Жоба бойынша серіктестер консорциумы мен Тараз қаласының әкімшілігі мүдделі тараптармен тығыз кеңестер өткізіп, Тараз қатысушысы болып табылатын «Мэрлер паркі» бастамасының аясында мақсаттарға жетуге мүмкіндік беретін тұрақты энергетика бойынша әрекеттер жоспарын әзірлейді. Аталған жоспар мемлекет, донорлар, сондай-ақ халықаралық ұйымдар мен қаржылық институттар тарапынан қала дамуының секторына инвестицияларды тартуға бағытталған.
Әрекеттер жоспарының аясында Тараз қаласының әлеуметтік нысандарының бірінде жаңартылып отырған энергия көздерін дамыту бойынша ілкі жоба іске асырылады.
«Мэрлер паркі» - әлемнің 41 елінің 2 300-ден астам қаласын қамтитын бастама. Оның аясында қалалар өздеріне тұрақты энергетикалық даму, көмірқышқыл газын шығаруды төмендету, жаңғырмалы энергия көздерін дамыту және энергиялық тиімділікті алға жылжыту бойынша міндеттемелер алады.
Еурокомиссиямен қаржыландырылған және Энергетикалық хартия хатшылығы мен итальяндық Кьети провинциясының (ALESA) Энергетикалық агенттігінің қатысуымен іске асырылып отырған DАСО жобасына Новогрудок (Беларусь), Сомониён, (Тәжікстан), Сумгаит (Әзірбайжан) және Тараз (Қазақстан) қалалары қатысуда.