Таразда кальян ұсынатын ойын-сауық орындарына рейд жүргізілді

Фото: Коллаж: Kazinform

ТАРАЗ. KAZINFORM – Полиция қызметкерлері Тараз қаласында кальян ұсынатын дәмхана-барларға рейд жүргізді.  

Екі күн ішінде темекі өнімдерін (кальян) тұтынуға тыйым салуды бұзғаны үшін 20 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

«Бұзушылық деректері «Vstrecha», «Шишка», «Мансард», «Ескобар», «Мята», «Bult», «Жаным Сол», «С кайфом», «MANSARD», «PABLO» ойын-сауық орындарында анықталды. Олардың иелеріне және қонақтарға әкімшілік хаттамалар толтырылды. Рейд барысында полицейлер қоғамдық орындарда кальян шегуге тыйым салу, вейптер мен электрондық темекі таратқаны үшін қарастырылатын қылмыстық жауапкершілік туралы талаптарды түсіндірді», – делінген облыстық ПД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Айта кетейік, осы жылдың 20 маусымынан бастап Жамбыл облысының Полиция департаменті вейптерді саудалаған азаматтарға қатысты 3 қылмыстық іс қозғады.

Бұған дейін Жамбыл облысында бір күнде 45 көлік айыптұраққа қойылғанын жазған едік.