Жамбыл облысы ІІД жол-көлік оқиғасы 2 ақпан күні таңертең Жамбыл даңғылында, автовокзалдың маңында болғанын мәлімдеді.
Куәгерлердің айтуынша, жүргізуші КамАЗ-ды алдынан жүгіріп өткен қыздардан бұрып әкетуге тырысып, дәмхананың дүңгіршегін қиратқан.
Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен 14 жастағы қыз Жамбыл облыстық ауруханасына жатқызылды. Дәмханаға материалдық шығын келген. Адамдар толы аялдамаға зиян келген жоқ. Бірақ қирап қалған дүңгіршектердегі екі ер адам жеңіл жарақат алған.
Арнаулы тұраққа кіргізілген машинаның 22 жастағы жүргізушісін міндеттеме негізінде қоя берді.
Іс материалдары ҚР ҚК 345-бабымен тіркелді. Сот-медициналық сараптама белгіленді.