«Ағымдағы жылы Тараз қаласы әкімдігімен кәсіпкерлік мақсатта беріліп, игерусіз қалған 200 жер учаскесі анықталып, мемлекет меншігіне қайтарылды», - деді облыс әкімі.
Бұдан бөлек Нұржан Нұржігітов биылғы жарты жылдықта жамбылдық кәсіпкерлерге берілген несиелердің көлеміне тоқталды.
Оның айтуынша, 6 айда бизнес субъектілеріне 10,5 млрд теңге шағын несие берілген. Ал, 2 мыңнан астам азаматқа 3,3 млрд теңге грант бөлініпті.