Таразда кейуана өз үйінде өртеніп кетті
08:39, 07 Қазан 2013
АСТАНА. 7 қазан. ҚазАқпарат - Жамбыл облысының Тараз қаласында жекеменшік үйден өрт шықты, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
Тілсіз жау небәрі 5 минуттың ішінде ауыздықталды. Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ Жамбыл облысы ТЖД өрт сөндіру қызметінің 2 техникасы мен жеке құрамның 10 адамы жұмылдырылды.
Жалын 10 шаршы метр аумақты шарпыды. Оқиға орнынан 1936 жылы туған әйел адамның мәйіті табылды.