«Жамбыл облыстық соты ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша Х-ға қатысты қылмыстық істі қарады», - делі соттан.
Материалға сүйенсек, осы жылғы 13 наурызда сотталушы техникалық ақауы бар КамАЗ-53215-13 маркалы көлікпен Батыс Еуропа-Батыс Қытай айналма жолында, Таразға жақын маңда, Шымкенттен Алматыға қарай 509-шақырымда Жол қозғалысы қағидасын бұзады. Қарсы жолаққа шығып кетіп Toyota Camry көлігімен соқтығысады. Салдарынан Toyota Camry көлігінің жүргізушісі мен оның жолаушысы көз жұмады.
ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотталушы айыпты деп танылды. Оған бес жыл көлік жүргізу құқығынан айырып, бес жылға бас бостандығынан айыру түрінде жаза кесілді. Ол жазсын қоныс колониясында өтейді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.