Тараз қаласы полиция басқкармасының Жедел басқару орталығының «102» кезекші бөлімінің басқару пультіне әл-Фараби-Ниетқалиев көшелерінің қиылысында болған жол-көлік оқиғасы туралы қоңырау келіп түскен.
«BMW-520 және Volkswagen Passat көліктері соқтығысты. Машиналардың бірі жолдың шетіне жүрген әйелді қағып кетті. Қатты соққыдан әйел оқиға орнында көз жұмды»,-делінген ведомство хабарламасында.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.