Оның мәліметтеріне қарағанда, Таразда болған оқиғаға байланысты тергеу толық көлемде жүргізілуде. «Біз үшін басты мәселе болған оқиғаның мән-жайын бүге-шігесіне дейін анықтау. Таразда қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету шаралары күшейтілген режимде жүргізілуде. Ал қалада коменданттық сағат режимін енгізу мәселесі қолға алынған жоқ, алынбайды ба»,-деді Бас прокурордың орынбасары.
Сондай-ақ ол сөзінде қалың көпшілікке интернетте жазылып жүрген еліміздің басқа да аймақтарында жарылыстар болды деген сыңайдағы жалған мәліметтерге сене берудің қажеттігі жоқ екендігін ескертті.