«Ол аяғын қайырып алуы мүмкін», «Ақсап тұрғанына қарамастан, жанып жатқан пәтерге жүгірді», «Бәрекелді! Нағыз жігіт екен!» деп жазды желі қолданушылары.
Жамбыл облыстық Полиция департаменті таратқан ақпаратқа сүйенсек, өрт шыққан пәтерде кәмелетке толмаған бес бала мен олардың анасы болған. Тұрғын үйден барлығы 60 адам эвакуацияланған.
«2024 жылдың 13 мамырына қараған түні полиция департаментінің кезекші бөліміне қоңырау соққан әйел адам көрші пәтерде өрт басталғанын хабарлады. Көрсетілген мекенжай бойынша жақын маңдағы патруль жасағы кідіртпей жіберілді. Оқиға орнына бірінші болып келген полиция қызметкерлері өрт ошағын жойып, әйелді және оның бес кәмелетке толмаған баласын аман алып шықты, олардың ең кішісі небәрі 2 жаста», - делінген Полиция департаменті хабарламасында.
Бұдан әрі полиция қызметкерлері жарылысты болдырмау үшін пәтердегі газды жауып, осы көпқабатты тұрғын үйдегі басқа да адамдарды эвакуациялаған.