Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері 50 жастағы ер адамның пышақ жарақатынан қаза тапқанын анықтады.
«Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Тараз қалалық ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері ҚР ҚК 259-бабы бойынша 2000 жылы сотты болған 45 жастағы күдіктіні ұстады. Анықталғандай, бiрге спирттік ішімдік ішкен олардың арасында жанжал туындап, бірі екіншісіне пышақ сұққан. Жараланған ер адам пәтерден шығып, кіреберісте құлаған»,-делінген ведомство хабарламасында.
Осы оқиға бойынша ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталып, сот сараптамасы тағайындалды.