Таразда криминалдық полиция қызметкерлері адам жәбірлегені үшін сотталды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Тараз қаласы ІІБ криминалдық полиция бөлімінің жедел-іздестіру бөлімшесінің бастығы мен жедел өкілі адам жәбірлегені үшін сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған дейін Қазақстан Республикасы Сыбайласжемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментіТараз қаласы ІІБ криминалдық полиция бөлімінің жедел-іздестіру бөлімшесініңбастығы, полиция капитаны С. Бейсекеевке және аталмыш бөлімнің жедел өкілі,полиция лейтенанты А. Құдайбергеновке қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізгенеді.

Бейсекеев пен Құдайбергенов өзара алдын ала келісіп,қылмыстық істің куәгерін мойындату үшін оны жәбірлеген.

29 шілде күні Тараз қаласының №2 сотының үкіміне сәйкес,Бейсекеев пен Құдайбергеновті 3 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешімқабылданды. Сотталушылар жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейтін болады.

Сотталушыларға 3 жылға дейін қандай да бір лауазыматқаруға және белгілі бір іспен айналысу тыйым салынды, сондай-ақ, олар арнайы «капитан»және «лейтенант» лауазымдарынан айырылды.