АСТАНА. KAZINFORM - Тараз көшелерінің бірінде құбыр жөндеу жұмыстары үшін қазылған терең шұңқырға көлік түсіп кетті, деп хабарлайды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
"16 маусымда сағат 17:50-де Төле би даңғылынан Абай даңғылы бағытындағы «Лексус RX300» маркалы автокөлігінің жүргізушісі 3.1 Кіруге тыйым салынады және 1.23 Жөндеу жұмыстары атты жол белгілерін елемей, магистральдық құбыр жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан автожолдың жабық учаскесіне кіріп, қоршалмаған шұңқырға құлаған.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші, оның әйелі және екі кәмелетке толмаған баласы зардап шеккен" делінген хабарламада.
Ербол Жанат
ЕҰУ-да журналистика мамандығы бойынша бакалавриатты және магистратураны тәмамдаған. Стамбул мемлекеттік университетінде ғылыми тағылымдамадан өткен. «Qazaqstan» ұлттық телеарнасында, "Астана ақшамы" газетінде тілші болған. 2014 жылдан бері Kazinform ХАА-да шығарушы редактор қызметін атқарып келеді.