Бүгін Жансая ықшам ауданында қоқыстың жануы салдарынан көппәтерлі тұрғын үй түтінге оранды.
— Келген өрт сөндірушілер қоқыстың жануын жедел түрде сөндіріп, баспалдақ маршымен түтінді кіреберістен 27 адамды, оның ішінде 6 баланы эвакуациялады, — делінген хабарламада.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.
Айта кетелік жыл басынан бері 52 адам өрттен мерт болған еді.