Таразда қылмыстардың санының 34,4 пайызға өскені байқалуда
«Қаладағы қылмыстық ахуал күрделі, дегенмен есірткі сатушылармен күрес елеулі түрде жақсарып, азаматтарға қатысты қылмыстық қол сұғушылықтар саны төмендеп келеді», - деді ол.
"2011 жылдың басынан бері қала бойынша 41 мың 226 әкімшілік құқық бұзушылық, 2020 қылмыс тіркелді. Ол өткен 2010 жылмен салыстырғанда 34,4 пайызға өсіп отыр", - деп атап өтті әкім.
Сонымен қатар оның айтуынша, ұрлықтардың 51,8 пайызға, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстардың 38 пайызға, ауыр дене жарақаттарының 64,7 пайызға өсіп отырғаны көрініс беруде.
"Өткен мерзім ішінде Тараз қаласында 16 адам өлтіру оқиғасы, 630 ұрлық фактісі ашылған жоқ", - делінген баяндамада.
«Осыған орай, қалалық ішкі істер басқармасының қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуғға бағытталған жұмыстарының талап етілген деңгейге жете алмағанын атап өтемін», - деп қорытты Б.Орынбеков.