Таразда нан бағасы тағы да қымбаттады

Фото: None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Тараз қаласында бірінші сұрыпты ұннан жасалған нан бағасы 5 теңгеге қымбаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өткенсенбіден бастап өңірде нан бағасы 70 теңгеден 75 теңгеге көтерілді. Бұл туралыауыл шаруашылығы басқармасы азық-түлік және экспорт бөлімінің басшысы МарсСейдыбаев БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында атап өтті.

-Бұған дейін ақпан айында нан бағасы 65 теңгеден 70 теңгеге көтерілген еді. Оған 2018 жылдың соңында бидай бағасының 45теңгеден - 65 теңгеге, 1 сұрыпты ұнның 63 теңгеден - 94 теңгеге дейін қымбаттауы әсер еткенболатын. Инфляцияны тежеумақсатында 5 наурыздан бастап тұрақтандыру қорынан 94 теңгеден алынған 4 314тонна ұнның келісі наубайханаларға 85теңгеден 17 шілдеге дейін жеткізіліп, бөлке нанның бағасы 70 теңге деңгейіндетұрақталды. Ол үшін тұрақтандыру қорынан 38,8 миллион теңге қаржы жұмсалды.Қазіргі уақытта нан бағасының өсуіне 3-класты астық бидайының бағасы - 70-75теңге, ұн бағасының - 96-105 теңге аралығындакөтерілуі әсер етіп отыр, - деді Марс Сейдыбаев.

Айтакету керек, облыста астық ору науқаны жүріп жатқанымен, орылған бидайдың көлемінарықтағы бидай бағасын төмендетуге өз әсерін тигізбейді, бірақ баға тұрақтылығын қамтамасыз етпек.

Ауылшаруашылық басқармасының мамандары нарықтағыжағдайды зерделей келе Тараз қаласы мен облыс орталығына жақын маңдағыаудандарда ас атасының бағасы 5 теңгеге көтерілгенін, яғни максималды құны 75теңгеден аспайтынын айтады. Олардың айтуынша, облыстағы бір бөлке нанның орташабағасы республика бойынша ең төменгі 70-75 теңге деңгейінде сақталып отыр.

«Қазіргітаңда тұрақтандыру қорында 686 мың бөлке нан қоры бар. Бұл ретте тұрақтандыру қорындағы нан 55 теңгеден әлеуметтік дүңгіршектер,коммуналдық базар және Корзина, Смалл, Нұрислам, Дәмдес, Гаухар секілді басқа да ірі сауда орындары арқылы тұрақты өткеріледі. Сондай-ақ,Тараз қаласының сауда орындарының басым бөлігінде нанды өзіндік құнынан төменбағадан тарату науқаны «Ассорти», «Кристал», «Нұрислам», «Акбар»және тағы басқа сауда орындарында жалғасады» делінген басқарманыңмәліметінде.

Соңғы жаңалықтар