Таразда өндірістік цех өртенді
17:11, 26 Шілде 2025
ТАРАЗ. KAZINFORM – 25 шілде күні Тараз қаласындағы Сыпатай батыр көшесінде орналасқан токарлық цехта өрт шықты. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.
Өрт туралы хабарлама 112 пультіне түскеннен кейін оқиға орнына ТЖМ бөлімшелері дереу жеткен.
- Құтқарушылардың жедел және үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт жақын маңдағы ғимараттарға таралмай, қысқа мерзімде сөндірілді, - делінген ақпаратта.
Зардап шеккендер жоқ.
Өрттің шығу себебі анықталуда.
Бұған дейін Алматыдағы сауда орталығында өрт шыққанын жаздық.