Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, тыйым салынған заттардың аса ірі көлемі 58 жастағы әйелден тәркіленген.
Оның тұрғылықты жерін тінту кезінде жуынатын бөлме мен жатын бөлмеден, жертөледен, сондай-ақ көлігінен барлығы 19 келі 335 гр гашиш және 22 келі кептірілген марихуана тәркіленген.
"Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Әйел есірткіні туған ауылы - Меркі ауданынан әкелген. Ол өзімен бірге тұратын туыстарын да есірткіге тәуелді еткісі келгенін мойындады", - деді Жамбыл облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.
Бұған дейін Жамбыл облысының есірткі қылмысына қарсы бөлімше бастықтары қамауға алынғанын хабарлаған болатынбыз.