Тараз қаласы, Асқаров көшесіндегі «Орталық базар» аумағында өрт оқиғасы орын алды.
Базардағы «Бәйтерек» үш қабатты сауда корпусының екі қабаты өртке оранған. Ғимараттың бірінші қабатында дүкен орналасса, 2-қабаты бос болған. Жалын барлығы 160 шаршы метр аумақты шарпыған.
«Оқиға орнында жедел штаб ұйымдастырылды. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 8 минтута жеткен. Шұғыл әрекеттің нәтижесінде өрт оқшауланып, толығымен сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға өрт сөндіру қызметінен 43 адам мен11 техника жұмылдырылды. Зардап шеккендер мен адам шығыны жоқ»,-делінген облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметінің хабарламасында.