Таразда Пернеш Қожамжаровтың құрметіне шахмат турнирі өтуде

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Бүгін «Тараз-Арена» спорт сарайында Пернеш Қожамжаровты еске алуға арналған шахматтан І облыстық турнир салтанатты түрде ашылды.

Облыстық турнирге Тараз қаласы және облыс аудандарынан 80 спортшы қатысуда.

Спорттық шараны Жамбыл облысы әкімдігінің дене тәрбиесі және спорт басқармасы ұйымдастырды.

«Спартакиаданың мақсаты - Жамбыл облысында шахматты дамыту және дәріптеу, салауатты өмір салтын насихаттау, спорттық шеберлікті шыңдау және Пернеш Сәдуақасұлы Қожамжаровты мәңгі есе сақтау», - деп түсіндірді басқарма басшысы Гамлет Қайнарбеков.

Пернеш Сәдуақасұлы Қожамжаров, 1940 жылы туған, - Қазақ КСР-дың құрметті жеңіл өнеркәсіп жұмысшысы, Жамбыл қаласының құрметті азаматы.