Таразда полиция қызметкерлері жол апатына түсті

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Таразда полиция қызметкерлері жол апатына түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Белгілі болғанындай, жол-көлік оқиғасы Төле би мен Әл-Фараби даңғылының қиылысында болды. Оқиғаның салдарынан екі жол-патруль қызметінің өкілдері зардап шекті. Зардап шеккендердің жағдай өте ауыр, олар бірінші қалалық аурухананың нейрохирургия бөліміне жатқызылды.

Бірінші болжам бойынша, полиция қызметкерлері патруль көлігінің ағашқа соғылуынан зардап шеккен. Екінші болжам бойынша, трактор полиция көлігіне жол бермей қойған, соның салдарынан жол апаты болған.

Жамбыл облыстық ІІД-не журналистік сауал жолданды.

Аталған жол-көлік оқиғасын тараздықтар әлеуметтік желіде қызу талқылауда.

«Полицияның болжамы бойынша, патруль көлігі Төле би көшесіне қарай шақырту алып бара жатқан. Осы шағын ауданға қарай трактор да бұрылып бара жатқан және арнайы көлікке жол бермеген. Соның салдарынан көліктер соқтығысып, зардап шеккендер бар. Көліктер өте қатты жылдамдықпен келе жатқан. Егер трактор бұрылысқа қарай бет алса, полиция көлігі жылдамдықты азайтуы қажет еді. Жол-патрульдік полициясының көлігі сенімсіздеу келе жатты және жол жиегінің қауіпсіздігіне де көңіл бөлмеді. Жеңіл көліктің жылдамдығы сағатына кемінде 60 км болды. Егер ол сәл баяу келе жатқанда бұрылып үлгерер еді»,-деп жазады желі қолданушылары.