Оған аз қамтылған, көп балалы, толық емес отбасылардан 200 бала және балалар үйінде тәрбиеленіп жатқандар мен мектеп-интернаттардағы балалар қатысты.
Тараз қаласы «Қоғамдық келісім» кешенінде үздік балалар ұжымының қатысуымен жаңа жылдық театрландырылған қойылым көрсетілді. Олар ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтауын тыңдады. Әр балаға Мемлекет басшысының атынан құттықтау хат пен сыйлық табыс етілді.
Аяз Ата, Ақшақармен бірге балалар жаңа жылдық шыршаны жақты. Шыршаны дәстүрлі ән айтып айналып, олар ертегі кейіпкерлерімен ЭКСПО 2017 көрмесін аралады. Шараға 9-13 жас аралығындағы 13 ұлттың балалары қатысты.
Балаларды өңір әкімі Кәрім Көкірекбаев құттықтады. Президенттік шыршаға қатысушыларға тарихи -өлкетану мұражайына, «Ежелгі тараз» кешеніне, «Тараз-Арена» спорт сарайына экскурссия ұйымдастырылды. Балалар драма театрда өткен жаңа жылдық театрландырылған қойылымды тамашалады.