Таразда прокуратура заңсыз сусын және шұжық шығаратын цехтарды анықтады
«Облыс прокуратурасы азық-түлік өнімдері айналымы саласында тұтынушылар құқығын қорғау туралы заңнаманың, сондай-ақ азық-түлік өнімдері қауіпсізідігі туралы заңнаманың қолданылуын тексеруде. Тексеру барысында суды және лимонад сусындарын бөтелкеге құюмен айналысатын цехтың жұмыс істеуі фактісі анықталды. «Yerdas» ЖК рұқсат беру құжаттары болмаған», - деп түсіндірді облыстық прокуратураның бірінші басқармасында.
Сонымен қатар, тексеру барысында сусындарды құюмен айналысатын цехта санитарлық нормалар мен ережелердің сақталмайтыны анықталды. Жұмысшылардық санитарлық кітапшалары жоқ, дайындалған өнім бұзушылықтармен сақталады және тасымалданады.
Сондай-ақ, «Миркасимов А.» ЖК шұжық цехы да рұқсат беру құжатынсыз жұмыс істеген.
Аталған фактілер бойынша Тараз қаласы прокуратурасы жеке кәсіпкерлерге қатысты ҚР ӘҚК 239-бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы қылмыстық іс қозғады. Сонымен қатар, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық аман-саулығы саласындағы заңнаманы бұзушылыққа жол бергені үшін кәсіпорын иелеріне қатысты ҚР ӘҚК 323-бабы 1-бөлімі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы қылмыстық іс қозғалды.
Іс материалдары аталған мекемелердің жұмысын тоқтату туралы мәселені шешу үшін сотқа жіберілді, деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметінде.