Таразда сауда орталығынан адамдар эвакуацияланып жатыр

Фото: Фото: Видеодан скрин

АСТАНА. KAZINFORM - Ғимараттағы сауда дүкендерінің иелері мен орталыққа келушілер сыртқа шығарылып, эвакуация жүргізіліп жатыр. 

15 ақпанда «102» пультіне сауда орталығына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Жамбыл облысы Полиция департаментінің, ҰҚК және ТЖД қызметкерлері, сондай-ақ арнайы жедел әрекет ету жасағының, жедел-тергеу тобының және кинологтардың қатысуымен орталық ғимаратына жедел тексеру жүргізіліп жатыр. 

- Ғимараттағы сауда дүкендерінің иелері мен орталыққа келушілер сыртқа шығарылып, эвакуациялау жұмысы жүріп жатыр, - делінген Жамбыл облысы ПД хабарламасында.

Жамбыл облысы Полиция департаменті тұрғындардан мән-жай анықталғанша өзге ақпараттарға сенбеуге, сабыр сақтауға шақырады.

Сондай-ақ, терроризм актісі туралы көрінеу жалған ақпарат үшін ҚК-нің 273-бабымен қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады.

Еске салсақ Павлодарда жеті мектептің оқушылары жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарламаларға байланысты шұғыл эвакуацияланған еді