15 ақпанда «102» пультіне сауда орталығына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама келіп түскен.
Жамбыл облысы Полиция департаментінің, ҰҚК және ТЖД қызметкерлері, сондай-ақ арнайы жедел әрекет ету жасағының, жедел-тергеу тобының және кинологтардың қатысуымен орталық ғимаратына жедел тексеру жүргізіліп жатыр.
- Ғимараттағы сауда дүкендерінің иелері мен орталыққа келушілер сыртқа шығарылып, эвакуациялау жұмысы жүріп жатыр, - делінген Жамбыл облысы ПД хабарламасында.
Жамбыл облысы Полиция департаменті тұрғындардан мән-жай анықталғанша өзге ақпараттарға сенбеуге, сабыр сақтауға шақырады.
Сондай-ақ, терроризм актісі туралы көрінеу жалған ақпарат үшін ҚК-нің 273-бабымен қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады.
Еске салсақ Павлодарда жеті мектептің оқушылары жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарламаларға байланысты шұғыл эвакуацияланған еді.