15 ақпанда «102» пультіне сауда орталығына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама келіп түскен.
Жамбыл облысы Полиция департаментінің, ҰҚК және ТЖД қызметкерлері арнайы жедел әрекет ету жасағының, жедел-тергеу тобының және кинологтардың қатысуымен орталық ғимаратына жедел тексеру жүргізді.
- Тексеру нәтижесінде ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ. Ғимараттан сауда дүкендерінің иелері мен орталыққа келушілер бар 2 мыңға жуық адам эвакуацияланды, - делінген Жамбыл облысы ПД хабарламасында.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Жамбыл облысы Полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 273-бабына сәйкес терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар бергені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады, - делінген хабарламада.
Еске салсақ Таразда сауда орталығынан адамдар эвакуацияланып жатқаны туралы жазған едік.