Таразда суицид жасамақ болған ер адам дер кезінде құтқарылды

ТАРАЗ. KAZINFORM - Таразда құтқарушылар суицидтің алдын алды.

Фото: ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Тараз қаласындағы көпқабатты үйлерінің бірінде ер адам бесінші қабаттың терезесінен секірмек болған.

Бесінші қабатқа тез көтеріліп, бірнеше секунд ішінде апаттық-құтқару құралдарының көмегімен есікті ашқан құтқарушылардың жедел әрекеттерінің арқасында орта жастағы ер адам құтқарылды.

Фото: ТЖМ

Бұған дейін «Тараз» футбол клубына жаңа басшы тағайындалғанын жазған едік.