11:37, 28 Сәуір 2009
Таразда тағы жер сілкінді
ТАРАЗ. Сәуірдің 28-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Бүгін Тараз қаласы мен Жамбыл облысының тұрғындары тағы да жерасты дүмпулерін бастан кешірді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Жамбыл облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, жер сілкінісі түнде сағат 2.04-те тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматының батысына қарай 360 шақырымдай жерде, Қырғызстан мен Қазақстанның шекарасында орын алған. Жер сілкінісі Жамбылдың Луговой стансасында - 4 балл, Таразда -3 балл болған. Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.