Таразда тандыр наннан шеге шықты

Фото: None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Тараз қаласында тандыр наннан шеге шығып, жер­гілікті тұрғындардың жағасын ұстатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тараз қаласы «Мыңбұлақ» шағын ауданының тұрғыны Лаура Азат­бековаүй маңын­дағы дүкен­нен әдеттегідей нан алып келеді. Түскі ас ішугеқамданғанда, тандыр нанның ортасынан шыққан шегені байқайды. Мұндай жағдайболады деп ойламаған тұрғын бұл көріністі дереу бейнекамераға түсіреді.

«Ба­лалар үйде болмайқалды. Әйт­песе, олар нанды тіс­теп жегенде не болатын еді?! Ендісанэпидқадағалау мекемесі мұндай оқиғаларды болдырмау үшін бәрін қарап,тексеріп шықсын», - дейді ол.

Аталмыш дүкенге нан жеткізуші наубайханашаһардағы бұрын­ғы көк базар маңындағы ескі сарайда орналасқаны белгілі болды.

«Біз тек шағымданушылардың арызы бойынша ғана тексеріс жүргізеаламыз. Шағымға байланысты жоспардан тыс тексеріс кезінде нысанда кемшіліктеранықталып жатса, Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 425-бабы, 1-бөлімібойынша хаттама толтырылып, айыппұл салынады. Сондай-ақ кемшіліктерді жоютуралы нұсқама беріледі»,- дейді Жамбыл облыстық қоғамдық денсаулық сақтаудепартаментінің тағам обьектілерін санитарлық-гигиеналық қадағалау бөлімініңбасшысы Мағфуза Давилова.

​Алайда, ол жергілікті тиісті мекемелер кәсіпкерлерге тікелейтексеріс жүргізуге дәрменсіз екенін айтады. Ол үшін еліміздегі жекекәсіпкерлікті қорғайтын заң бойынша прокуратураның арнайы рұқсаты қажет.

Соңғы жаңалықтар