Спортшыларды тіркеу рәсімі мен жарыстың жеребесі 22 сәуір күні өткен болатын. Онда теннисшілер жас ерекшелігіне қарай 1997-98 жылдары туғандар бір топқа, 1999 жылы туғандар мен одан кіші жастағылар екінші топта сынға түседі. Онда олимпиадалық жетілдірілген жүйе бойынша теннисшілер 2 жеңіліске дейін сайысады. ҚР Теннис федерациясы таратқан хабарламаға қарағанда, матчтар tie-break жүйесі бойынша 3 жүйеден тұрады. Оған халықаралық дәрежедегі төреші Антон Игнатченко бастаған қазылар төрелік жасайды.
Жалпы бұл байрақты бәсекеден кейін мұнда жүлде қоры 10 мың АҚШ долларын құрайтын халықаралық турнир өтеді. Мамырдың 2-7 күндері болатын ерлер арасындағы бұл дүбірлі дода ересектердің жарысы болмақ.