Таразда «Төлебай» орталық базары отқа оранды

Фото: None
АСТАНА. 23 сәуір. ҚазАқпарат - 22 сәуір, сағат 20.31-де Тараз қалалық «Төлебай» орталық базарында өрт болды.

ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлағандай, сауда павильоны мен 2 сауда контейнерінде халық тұтынатын тауарлар жанып кетті.

 Өрт сағат 23.23-те сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Жамбыл облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 43 адамы мен 11 техникасы жұмылдырылды. Жалын шарпыған аумақ 400 шаршы метрді құрады. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.