Таразда төтенше жағдай кезінде жұмыс істеген монша анықталды

Фото: None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат -Таразда полицейлер карантин кезінде жұмыс істеген моншаны анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мекемелер мен ұйымдардың жұмыс тәртібін бақылайтын рейдтік іс-шара барысында полиция қызметкерлері 15 адамға қызмет көрсетіп отырған моншаны анықтады. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Арнайы рейд кезінде карантин талаптарына қарамастан, монша иесі туысқандары мен жақын таныстарын қабылдауды ұйымдастырғандығы белгілі болды. Осыған орай азаматтар мен мекеме иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 476 бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды (төтенше жағдай режимін бұзу). Рейдтік іс-шаралар жалғасуда»,- делінген ведомство хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар