Таразда төтенше жағдай режимін бұзған мас жүргізушілер қамауға алынды

Фото: None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Тараз қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері облыс орталығының әртүрлі аудандарында мас күйінде көлік тізгіндеген үш жүргізушіні ұстады, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тәртіп бұзушылар төтенше жағдай режиміне қарамастан, қозғалысқа салынған шектеулерді елемей, сонымен қатар көлік құралдарын мас күйінде басқарған. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«BMW» және «Mazda» автокөліктерінің жүргізушілеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі бойынша хаттамалар жасалды. «Chevrolet» маркалы автокөлігін басқарған үшінші бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігімен әкімшілік жауапқа тартылды»,-делінген ведомство хабарламасында.

Іс материалдарына сәйкес, сот «BMW» және «Mazda» автокөліктерінің жүргізушілерін 15 тәулікке қамауға алу және 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айыруға үкім шығарды. Ал, «Chevrolet» маркалы автокөлігінің жүргізушісіне 20 тәуліктік қамау түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.

Жамбыл облысының полиция департаменті карантин кезінде адамдардың және жеке көліктің Тараз қаласының аумағында еркін жүріп-тұруына тыйым салынғандығын ескертеді. Төтенше жағдай режимі мен карантин талаптарына бағынбағаны үшін тәртіп бұзушылар заңға сәйкес жазаланатындығын жеткізді.


Соңғы жаңалықтар