Қолданыстағы заңнамаға сәйкес кондоминиум нысанының ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге мердігер ұйымды таңдау үй кеңесінің құзыретіне жатады.
Алайда бұл жағдайда тұрғындарға мердігерді таңдауға мүмкіндік берілмей, олардың қолтаңбалары қолдан жасалған.
— Шілде айында Тараз қаласы прокуратурасының нұсқауымен бұл дерек ҚК-нің 385-бабы 1-бөлігі бойынша Тараз қаласы ПБ-ның СДТБТ-на тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Сонымен қатар серіктестік қызметін тексеру нәтижесінде, 2025 жылы мамыр айында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртуға бөлінген 59 млн теңге көлемінде бюджет қаражатын негізсіз жұмсау фактісі бойынша ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігімен қылмыстық іс тіркелді, — делінген Жамбыл облысының прокуратурасы хабарламасында.
Аталған қылмыстық істі тергеу Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне тапсырылды.
ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Айта кетелік «СҚ-Фармация» қаржы жымқыру күдігіне ілігіп, сотқа дейінгі тергеу амалы басталған еді.