Таразда тұрғын үй-коммуналдық сала проблемаларына арналған кеңес өтті

АЗ.   Қыркүйектің   10-ы.  ҚазАқпарат /Галина  Скрипник/ -  Алдағы бес  жылда    еліміздің тұрғын үй-коммуналдық   шаруашылығындағы    нормадан тыс  шығындар    жойылуы  тиіс.   Бұл туралы  бүгін  Таразда   Табиғи монополияларды  реттеу агенттігі   Жамбыл облыстық әкімдігімен    бірлесіп   өткізген   кеңесте    Агенттік  төрағасы Нұрлан  Алдабергенов мәлім  етті,

деп   хабарлайды  ҚазАқпарат тілшісі.

Кеңес Елбасының  «Дағдарыс арқылы   жаңару  мен дамуға» атты Қазақстан халқына  Жолдауының   тұрғын үй-коммуналдық  салаға,   оның ішінде    тариф  түзу  және   энергия  үнемдеу  мәселелеріне  қатысты  тарауларын   түсіндіруге   арналды.

«2008  жылға  дейін  біздің елімізде    тұрғын үй-коммуналдық  шаруашылық желілерінде    нормадан тыс  және  нормативтік-техникалық   шығыстардың    қатты   өскені   байқалды.  Бірақ бүгінде  біз    тұтынудың  кеңестік  нормасынан   алшақтап  келеміз.   Елбасының, Үкіметтің,   депутаттардың    қолдауымен     алдағы бес жылда       шығындарды  төмендету  туралы міндет  заң жүзінде  бекітілді.   Бұдан  былай  шығындардың  өсуіне   жол беруге  болмайды -  ол сіз бен біздің ақшамыз.   Біздің алдымызда     нормативтік-техникалық    шығындарды оңтайландырудың    негізгі міндеті тұр»,  - деді Н.Алдабергенов өз сөзінде.