Таразда тұрғын үй өртеніп, 2 бала мерт болды

Фото: None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Тараз қаласында тұрғын үйлердің бірінде өрт болып, екі бала қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«1қазанында сағат 09:57 минутта полицияға, Тараз қаласы Ақмола көшесінде өрт орын алғаны туралы хабар келіп түсті. Оқиға орнына келіп жеткен өрт сөндірушілер өртті сөндірген. Оқиға орнын қарау барысында полицейлер 2017 және 2018 жылы туылған екі баланың мәйітін тапқан»,-делінген хабарламада.

Қазір осы дерек бойынша ҚР ҚК-нің 292 бабы 3 б.-бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Жамбыл облысының полиция және төтенше жағдайлар департаменті ата-аналарды балаларын қараусыз қалдырмауға, сондай-ақ балаларын тұрмыста өзін ұстаудың қауіпсіздік ережелеріне үйрету қажеттігіне шақырады.


Соңғы жаңалықтар