Жамбыл бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/7 мекемесі қызметкерлерінің және 5513 әскери бөлімінің бақылау тобының жедел әрекетінің нәтижесінде түзеу мекемесіне «Қазпошта» арқылы тыйым салынған затты жөнелтуге әрекеттенген азаматшаның қитұрқы ісі әшкере болды.
«Royal Kimi иіс сабынының ішіне жасырылған «сәлем-сауқатты» ашу кезінде INOI-102 маркалы ұялы телефоны табылып, тәркіленді. Бұдан бөлек, Beeline байланыс операторының 1 sim-картасы мен USB бауы анықталған» делінген департаменттің баспасөз қызметінің хабарламасында.
Қазіргі таңда «Қазпошта» арқылы сәлемдеме жіберген азаматша анықталуда. Аталған заңбұзушылыққа байланысты ҚР ӘҚБтК 481-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, сотқа жолданбақ.