Таразда түзеу мекемесіне есірткіні жаңғаққа салып өткізбек болған

Фото: None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысы Тараз қаласындағы ерекше режимдегі ЖД-158/7 түзеу мекемесінің ережесін бұзып, заңға қайшы әрекетке баратындар азаймай тұр. Соңғы уақытта тиым салынған заттарды пошта арқылы жіберу белең алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ағымдағы жылдың 19 шілдесі күні мекеме қызметкерлер кезекті ретқамаудағыларға келіп түскен сәлем-сауқатты тексеру барысында көңілге күпті,күдікті заттарды анықтаған.

Режим бөлімінің аға лейтенанты Байболат Қуандық, тінту бөлімініңбақылаушысы Б.Телеу орамахатты жіті тінту кезінде 5 грек жаңғағы ішінен қоюжасыл түсті, өзіне тән иісі бар затпен толтырылғандығын анықтаған. Сондай-ақ, біржаңғақтың ішінен ұялы телефонды қуаттайтын сым табылды. Мұндай қулықты ұйымдаструшылар жаңғақты мұқият желімдеп, табиғи қалпына келтіругетырысып баққан.

«Сот-сараптамалық талдау көрсеткендей күмәнді зат 17 грамм «гашиш» есірткісіекендігі дәлелденген. «Сәлемдеме» Алматы облысы, Талғар қаласы, Қызылтуауылынан ҚР ҚК 191б.2т, 14б.2т, бойынша сотталған А.Н.Ш-қа жолданыпты. Қазіргі таңдаТараз қалалық Полиция басқармасы 1-ші Полиция бөлімі тарапынан ҚР ҚылмыстықКодексінің 297 бап 1 тармағына сай есірткіні өткізу бойынша ісқозғалды»,-делінген ведомствомәлімдемесінде.

Соңғы жаңалықтар