Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға көшедегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Қаладағы «Жайлау» шағын ауданының №15 үйінің маңынан ұрланған көліктің жүріп-тұруы Ташкент-Әйтиев көшелерінің қиылысындағы бейнебақылау камересіна тіркелген. Тез арада құрамында полиция лейтенанттары Ерлан Айтжанов пен Сағындық Әбілдаев бар құзырлы органның «Буран-32» тобы сонда жіберіліп, күдікті қолға түседі.
Айта кетейік, күдікті бұрын сотталған Тараз қаласының 28 жастағы тұрғыны болып шыққан. Бүгінде ұрланған көлік иесіне қайтарылып, іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шаралары қолға алынған.