Таразда үшемді дүниеге әкелген отбасы пәтерге ие болды

None
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Маусымның 15-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Осыдан бір жарым жыл бұрын отбасыларында Олег, Руслан, Игорь сынды үшем дүниеге келген Жадеевтер отбасы Тараздан пәтер алды.

Қазіргі уақытта 4 баланы тәрбиелеп отырған көпбалалы отбасының тұрғын үй проблемасын облыс әкімі Қанат Бозымбаев шешіп берді. Өңір басшысы үш бөлмелі пәтер сатып алуға көмек бере алатын демеушіні тапты, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен