Таразда ұялы телефон ұрысы қолға түсті

Фото: None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбылдық полицейлер ұялы телефон ұрлығымен айналысқан адамды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

4 шілдеде Тараз қаласының полиция басқармасына облысорталығының тұрғынынан белгісіз адамның «Samsung Galaxy J4» маркалы ұялытелефонын қоңырау шалу үшін сұрап алып, қашып кеткені туралы арыз түсті. Жедел-іздестіруіс-шарасы барысында Тараз қаласы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері 23жастағы азаматты құрықтады. Бұл туралы облыстық полиция департаментініңбаспасөз қызметі мәлімдеді.

«Күдікті бұдан басқа да тонау оқиғаларын жасағанынмойындады. Атап айтқанда, 2019 жылдың 14 маусымында «Samsung Galaxy J1» және«iPhone 5» телефондарын ашық түрде тартып алып, қашып кеткен. Ал келесікүні қоңырау шалу үшін біреудің «iPhone7 Plus» маркалы телефонын сұрап, оны да әкетіп қалған. Сондай-ақ, 17 маусымкүні 18 жасар қыздың «Samsung Galaxy J5»маркалы телефонын алып қойған» делінген ведомство хабарламасында.

Бүгінгі таңда аталған деректер бойынша Қылмыстықкодекстің 191-бабы 2-бөлігімен (бірнеше рет тонау) сотқа дейінгі тергеуамалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.