Таразда үйде құлыптанып қалған 80-нен асқан қарт пен балалар құтқарылды
Атап айтсақ, Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Тараз қаласы, «Қарасу» мөлтекауданындағы көпқабатты тұрғын үйдің біріндегі пәтер ішінде есігін аша алмай отырған 84 жастаға қарт әжеге көмек көрсеткен. Сондай-ақ, Тараз қаласы, «Қаратау» мөлтекауданындағы көпқабатты тұрғын үйдің біріндегі пәтер ішінде 2 және 3 жастағы балалар құлыптанып қалған. Құтқарушылар арнайы құралдардың көмегімен есікті ашқан.
Бұдан бөлек, Тараз қаласы, Байзақ батыр көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйдің біріндегі пәтердің есігін ашып, 80 жастағы әжені «103» медициналық жедел жәрдем қызметіне тапсырған.