деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінен.
Жексенбі күні Таразда теміржол өткеліне жақын маңда жүк көлігі мен жеңіл көлік соқтығысып қалып, нәтижесінде бір бала зардап шекті. Жексенбі күні сағат 15.20-да «КамАЗ» және «Ниссан» көлігінің соқтығысуы салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен жолаушылары зардап шекті, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі. «Ниссан» жолаушылары - 44 жастағы ер азамат пен 3 жасар бала ауруханаға жеткізілді.
Алматыда болған жол-көлік оқиғасында төрт бала зардап шекті. «Ауди» көлігінің қоршауға соқтығысуы салдарынан 44 жастағы жолаушы әйел оқиға орнында көз жұмды. Жүргізуші мен 1988-2001 жылдар аралығында туған төрт бала ауруханаға түсті.