Таразда жеміс ағаштары қайта гүлдеді

Фото: None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Таразда жемісті ағаштары екінші рет гүлдеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жамбыл облысында тамыздың орта шеніне дейінсозылған аптап ыстық тосын сыйлықтарын ала келді. Биыл жеміс берген алма,алмұрт, шие ағаштары тағы гүлдеді.

«Меніңше, мұндай жылдам вегетация –жауын-шашыны қосарлана келген ерекше ыстық ауа райының салдары. Ағаштардыңқайта гүлдеуі бізде жиі байқалады, бірақ ол әдетте күздің аяғында, қараша, желтоқсанайларында болады». Күн шуағын төксе, қыста да гүлдеуі мүмкін. Бірақ жаз бітпейжатып жемісті ағаштардың қайта гүлдегенін көрген емеспін», - дейді биолог НатальяГончарова.

Ғалымның айтуынша, көктемде немесе жазғытұрымжарылуға үлгермеген бүршіктер жарылады. Соның арқасында ағаш екінші ретгүлдейді екен. Осы процесті жаңбырлы ыстық климат жылдамдататын көрінеді.

Автор: Галина Скрипник

Соңғы жаңалықтар