Таразда «Жеңіс тойына 100 күн қалды» атты жастар акциясы өтуде
Жастар қауымдастығының төрайымы Әлия Арзымбетованың айтуынша, Жеңіс күні қарсаңында «жасотандықтар» мен басқа да жастар бірлестіктерінің мүшелері Таразда тұратын 20 ардагерді аралап шығып, олардың проблемаларын шешуге көмектесу туралы шешім қабылдаған.
«Олардың проблемалары негізінен тұрғын үйді жөндеуге, дәрі-дәрмектер алуға, құжаттарды ресімдеуге қатысты», -дейді Ә.Арзымбетова.
Тараз қалалық мәслихатының депутаты, «Ақ көгершін» жастар бірлестігінің төрағасы Ғұлам Омаровтың айтуынша, бұл акция мамырдың 9-ынан кейін тоқтап қалмайды. «Біз ардагерлерге көмегімізді әрі қарай да жалғастырамыз. Бұл маңызды, себебі өскелең ұрпақты Отан қорғаушыларды құрметтеуге тәрбиелеу қажет», - дейді ол.