Таразда жергілікті тауар өндірушілерді қолдау акциясы өтіп жатыр

None
ТАРАЗ. Тамыздың 26-сы. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Таразда «Атамекен» Одағы» Қазақстан Ұлттық экономикалық палатасы» заңды тұлғалар бірлестігінің жамбылдық филиалының ұйымдастыруымен жергілікті тауар өндірушілерді қолдау акциясы өтіп жатыр.

Біз тұрғындарымызды Жамбыл облысында өндірілетін тауарларды сатып алып, жергілікті тауар өндірушілерді қолдауға шақырмақпыз, дейді жамбылдық филиалдың директоры Латиф Айдаров.

Оның айтуынша, «Тауар сатып ал да - чек талап ет» деп аталатын бұл акцияның аясында әр сатып алушы 100 мың теңге сомаға жамбылдық тауарларды сатып алуы (сүт өнімдерінен бастап жиһазға дейін) және оның қолында ең кем дегенде 20 чек болуы керек. Чектерді «Атамекеннің» жергілікті филиалына әкеліп тапсырған олар, жамбылдық компаниялардың өнімдері мен қызметтерін тегін алуға 10 мыңнан 100 мың теңгеге дейінгі аралықтағы сомаға сертификаттар ала алады.

«Біз бірнеше мақсатты көздеп отырмыз. Біріншіден, бұл жергілікті компанияларға тауарларын сатуға көмектесу. Екіншіден, бұл әлі де болса ашық және адал жұмыс істемей отырған кәсіпкерлерді тәрбиелеу. Және үшіншіден, жамбылдықтарды өз өңірінде өндірілген тауарларды қолдауға шақыру», - дейді Л.Айдаров.

Бұл акцияға 100-ден астам жамбылдық тауар өндірушілер қатысуда.