Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Тараз қаласының Полиция басқармасы Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерінің белсенді іздестіру нәтижесінде 6 қарашада жоғалып кеткен 10 жастағы бала Тараз қаласының Шөлдала аумағынан табылды»,-делінген ведомство хабарламасында.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.