Құқық қорғау органдарының мәлімдеуінше, апат Сухэ Батыр және Щербаков көшелерінің қиылысында болған. Бүгін таңертең басты көшеде келе жатқан 11 бағытты жолаушылар автобусы бұрыла бере қосалқы жолдағы КамАЗ-ға соғылды. Куәгерлердің айтуынша, бұл уақытта бағдаршам жұмыс істемеген. Қазіргі уақытта зардап шеккен төрт азамат №1 қалалық ауруханада ем алып жатыр. Дәрігерлердің хабарлауынша, ауруханаға түрлі деңгейдегі жарақат алған 24 адам келген, барлығына тиісті медициналық жәрдем көрсетіліп, екі адамға ота жасалған. Зардап шеккендердің қазіргі жағдайы бірқалыпты.
16:24, 01 Маусым 2017
Таразда жолаушылар автобусы КамАЗ-ға соғылды
ТАРАЗ.ҚазАқпарат - Жолаушылар автобусының КамАЗ-ға соғылуынан кейін төрт адам Тараз қалалық ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.