Таразда жүрегі оң жағында орналасқан оқушы қыз тұрады
Айдана Махамбет бүгінде Тараздағы № 3 мектеп-лицейдің 6 «ә» лицей сыныбында оқиды. Оқу озаты. Оның би билеп, ән салатын өнері де бар. Математика пәніне деген бейімі терең. Әкесі - Асылбек Естаев көлік жүргізушісі болып еңбек етеді. Бізге бұл туралы анасы - Индира Кенжебаева айтып берді.
Айдана да денсаулығының жақсы, еш жері ауырмайтынын айтады. Ерекшелігін Алланың бір сыйы деп қабылдайды. Бөлімшедегі мейірбикелер жиі келіп оның жағдайын біліп тұрады екен. Үйдің тұңғышы ол қашанда іні-қарындастарына қамқор. Өзі белсенді, ұқыпты, пысық. Сөзге шешен. Кейде үлкен кісілердей тауып айтатын да қасиеті бар екен. Оның арманы - тігінші, дизайнер болу.
«Мен мектептегі, үйдегі барлық шаруаға белсене араласамын. Білім ордасында өтетін іс-шараларда ән саламын. Бірақ, мектепте еліміздің Әнұраны орындалған кезде қолымды оң жағыма ұстаймын. Оған ұстаздарым бұл жағдайға тосырқап, оқушылардан ерекшеленбе дейді. Бірақ, менің жүрегім оң жағымда емес пе?», - деді Айдана.
Ғибрат Сембай